"Біз болашаққа жауаптымыз" экологиялық апталық
«Болашақ энергетикасы»
Энергия-бұл адамзат тіршілігін дамуына көмектесетін және де өмірге ынталандырушы табиғи күш-қуат көзі. Жалпы болашақэнергиясы жайлы ойлайтын болсақ, көз алдымызға әлемге әйгілі«ЭКСПО-2017» көрмесінің бейнесі елестейді. Осы уақытқа дейін адамзат баласы энергия көзін түрлі қазба байлықтары мен жер қойнауынан шығып жатқан қуат көздерінен алған, алайда бұндай қазба байлықтары әрбір елде табылмаған соң, елдер бір-бірінен сатып алып, қаражат көзі арқылы энергияны тұтынды.
Алдағы болашағымызға үңілетін болсақ бұл қазба байлығымыз бізге өмір бойы берілмейтіні жайлы ой келеді. Бұл шындыққа тура қарағанмен осыған байланысты белгілі бір іс жасамасқа болмайтыны жайлы түсініміз. Энергиясыз жағдайымыздың қалай болатынын елестетудің өзі қиын. Сондықтан оны болдырмай, өз елімізге өрескел қателікті болдырмау үшін әр адам баласы осыны шешу жолын ұйымдастыру қажет. Қазақстанымызды жақсы жағынан көрсетіп осы энергияны өндіру жолында түрлі белестерге жететінімізге мен сенемін және соны тұтынған әлем халықтары ең бақыттылар қатарынан табылатынына еш шүбам жоқ.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
10 «Б» сынып оқушысы Дильназ Қасымбекова.
