«Ұлы даланың ұлы ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлы» » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
қыркүйек
2021

«Ұлы даланың ұлы ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлы»

2021 жылдың қыркүйек айының үші күні Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде онлайн режимде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Ұлы даланың ұлы ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы» атты  қалалық шара ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: Халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеушісі, түркітанушы,  ақын-аудармашы   А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Алаш қайраткерінің қазақ халқы үшін сіңірген зор еңбегін дәріптеу.
Шараның 3 кезеңі де ZOOM платформасында өтті. Қала мектептерінен тапсырыс берген барлығы 30 мұғалім қатысты. Шараның соңында әділқазылар алқасы қатысушыларға жүлделі 1,2,3-орындар тағайындады. Көзі тірісінде алты Алаштың көсемі атанған  Ахаңның телегей мұрасын бүгінгі шарада ұстаздарымз тағы бір сараптап, дәлелдеп  берді.