Ахмет апталығы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
наурыз
2018

Ахмет апталығы

2018 жылдың ақпан айының екісі, сағат 14.00 де Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде «Ахмет оқулары» атты дәстүрлі қалалық мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту,оқушылардың мәнерлеп оқу, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, қазақ халқының ұлы тұлғасыАхмет Байтұрсыновтың жарқын өмірі мен шығармашылық еңбегін насихаттау.

Ұлттың ұлы ұстазы –А.Байтұрсыновтың есімін иеленген уақыттан бастап 12 жыл қатарынан тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан сайыс бұған дейін брейн-ринг зияткерлік ойын түрінде өткізіліпкелген.Соңғы үш жылда сайыстың өткізілу форматына өзгеріс енгізіліп, сайыс 3 кезеңмен өткізілді. «Адамдық диқаншысы қырға шықтым» атты 1 - кезеңде Ахмет өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. «Мысалмен айтқан көп ойлар...» атты 2- кезеңде Ахмет мысалдарынан көрініс көрсетті. «Ұлттың ұлы ұстазы» атты 3-кезеңде қала мектептерінің тек ақын балаларыөздері шығарған А. Байтұрсыновқа арнау өлеңдерін оқыды. Сайысқа қала мектептерінің 6, 7,8 – сыныптарының оқушылары қатысты. «Ахмет оқуларына» қаланың 21 мектебі қатысып,төмендегідей жүлделі орындарға ие болды.Бірінші кезең бойынша М.Шаяхметов атындағы №23 мектептің оқушысы 1орынды қанжығасына байласа ,№15, №18 орта мектептің оқушылары 2 орынды иеленді,сондай-ақ,№6, №22 және Меновное мектебінің оқушылары 3 орын алды. «Мысалмен айтқан көп ойлар...» атты 2 кезеңде ақын мысалдарынан қойылым қойды.Бұл кезеңнің қорытындысы бойынша Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің оқушылары 1 орынды,О.Бөкей атындағы №44 лицейі мен №47 орта мектебінің оқушылары 2 орындарды,Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі,Ш.Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейі,№45 бейімделген орта мектебінің оқушылары 3 орындарды иеленді. «Ұлттың ұлы ұстазы» атты 3-кезеңде қала мектептерінің ақын балалары мынандай жүлделі орындарды алды.Абай атындағы №33 метептің ақын оқушысы 1 орынды қанжығасына байлады.№15 ,№47 мектептің оқушылары 2 орындарды иеленсе,№22, №27, №46 мектептің оқушылары 3 орын алды. Көзі тірісінде алты Алаштың көсемі атанған Ахаңның телегей мұрасын бүгінгісайыста жас ұрпақ тағы бір сараптап,дәлелдеп берді.

 

Ахмет апталығы

 

Ахмет апталығы

 

Ахмет апталығы

 

Ахмет апталығы

 

Ахмет апталығы