29
наурыз
2021
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру
2021 жылдың 29 наурыз күні Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментінің бас маманы Сахариева Мейргул Кузаркановна және өңірлік ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Есимбекова Арайлым Керимбековнамен «Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында онлайн кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында жемқорлыққа қарсы күрес шараларын түсіндіру, оның салдарымен емес себептерімен күресудің маңыздылығы жайлы ақпарат берілді.
Өңірлік ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі парасаттылық туралы айтып өтіп, емтихан кезіндегі ұялы телефон қолдану білім алушының болашағына зиян келтіретіндігі жөнінде, сондықтан жастар әрқашан адалдық жолында жүру керектігін назарда ұстауды ұсынды.

