«Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының бала тәрбиесіндегі рөлі» атты ата-аналар конференциясы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының бала тәрбиесіндегі рөлі» атты ата-аналар конференциясы
15
сәуір
2022

«Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының бала тәрбиесіндегі рөлі» атты ата-аналар конференциясы

     Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай мектебімізде 14-15 сәуір аралығында «Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының бала  тәрбиесіндегі рөлі» атты ата-аналар конференциясы ұйымдастырылды. 
Конференцияның мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының  тәрбие үрдісіндегі құндылығын, бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ананың өзара ынтымақтастығын  талдау.
        Мектептің әнұранымен ашылған конференция барысында ата-аналар Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары арқылы бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлінің маңыздылығы бойынша баяндама тыңдап, өз ойларын білдірді. Ақынның мысалмен айтқан көп ойларын рөлдік ойындар арқылы көрсетіп, тәрбиедегі маңыздылығын айқындады, бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ананың өзара ынтымақтастығын талқылап, жағдаяттармен дәлелдеді. Соңында ата-аналар «3Қ» әдісі арқылы бұл іс-шараның маңыздылығын, Ахмет Байтұрсынұлының құнды шығармаларымен ата-аналарды таныстырудың өзі рухани азық екенін, ата-аналар үшін «Кеңес қоржыны» болғанын және жалпы конференциядан алған әсерлерімен бөлісті. Бұл мектеп әкімшілігі мен шығармашыл ұжымның еңбек нәтижесі екені сөзсіз.