Кездесу » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
наурыз
2018

Кездесу

2 ақпан  күні  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауды таныстыру мақсатында 9-11 сынып оқушыларымен, мектеп ұстаздарымен кездесу өтті. Кездесу қонақтары «Нұр Отан» партиясының Өскемен қаласының филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәжіліс депутаты, Өскемен қаласының құрметті азаматы Екибасова Майраш Шайзадиновна, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Берік Қадыров, «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық «Жас Отан» жастар қанатының филиал төрайымы, қалалық мәжіліс депутаты Бахыт Маржан және Өскемен қаласы жастар мәслихатының депутаты Нукештаева Алия болды. Алғашқы болып сөз алған М.Ш.Екибасова жолдаудың 10 бағыттын түсіндіре отырып, «Адами капитал – жаңғыру негізі» 7 - ші бағытқа  баса назар аударды. Білім беру ісінде озық жүйемізді құруды дәлелдету қажет туралы толығырақ толталып, біздің еліміз үшін  алдымызға қойған ең негізгі мақсат  - 30 дамыған мемлекеттер қатарына кіру екендігін баса көрсетті. Кездесу оқушылардың белсенді позицияларын қалыптастыруға бағытталып, өз Отанын мақтан тұтып,көшбасшы қасиеттерін қалыптастыруға өз әсерін берді.

Кездесу