«Отан— қуат, отбасы —шуақ» тақырыбында тәрбие сағаты » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
мамыр
2022

«Отан— қуат, отбасы —шуақ» тақырыбында тәрбие сағаты

    Халықаралық отбасы күні қарсаңында 13 мамыр күні 8 В, Г сыныптарында «Отан— қуат,  отбасы —шуақ»  тақырыбында тәрбие сағаты өтті. 
     Тәрбие сағатының мақсаты: қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасын, ата-анасын, туыстары мен жақындарын бағалау, құрметтеу сезімдерін кеңейту, отбасындағы қарым-қатынастың беріктілігін нығайту және ұрпақтар сабақтастығын дамыту. 
      Сабақ барысында оқушылардың отбасы туралы түсініктерін анықтап, бейнебаян тамашалады. «Отбасындағы әкенің орны»,«Отбасындағы ананың орны»,«Бақытты өмір сүру үшін қандай бала болуларың керек?» тақырыптарында постер қорғап, өз ойларын жеткізді.Сонымен бірге,  «Кім жылдам?» ойынында сұрақтарға жылдам жауап берсе,«Мақал-мәтелдің жалғасын тап» ойынында мақалдарды аяқтаса, «Бұл кім?»  жұмбақ шешу ойынында жұмбақтардың шешуін үш тілде жылдам айтып шықты. Сабақтың аяғында «Қызық, құнды, қажет»  әдісімен кері байланыс жасалды. 8 Г мен В сынып оқушылары белсенді, қызығушылықпен қатысып өз ойларын білдірді.