25
мамыр
2022
Соңғы қоңырау мерекесі
Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Бүгін Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектептің «Соңғы қоңырау» мерекесіне жиналған 11 - сынып түлектері үшін мәңгі есте қаларлық ерекше күн болғаны сөзсіз.
Балалар жылы аясында ұйымдастырылған «Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтары: ШҚО білім басқармасының өкілі – Жумаева Эльвира Маулетказиевна, Дәулет Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің аға оқытушысы - Еламанов Данияр Серікболович, Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің биология ғылымдарының докторы, профессор – Дакиева Гульзипа Жусиповна, мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары, ұстаздар оқу жылының аяқталуымен құттықтап, барша түлектерге сәт сапар тіледі.
Мектебіміздің түлектері ұстаздарына деген ыстық лебіздерін білдіріп, өлеңдерін арнап, мектеп ауласында «Мектеп вальсін» билеп, мереке соңында «Түлектер аллеясына» шырша отырғызды.