Шығармашылық сағаты » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
қазан
2022

Шығармашылық сағаты

     14 қазан күні мектебіміздің 7А, 7Б сынып оқушылары ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасына талантты суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығының қазақ этнографиялық бөлімінің ғылыми қызметкері Бекбердинова Гүлнар Миғражқызымен кездесуге барды.
    Сурет салу өнерінің қыр-сырын меңгерген қылқалам шебері кездесу барысында өнердің қалай туындайтынын, оның қаншалықты тартымды, мазмұнды болатынын іс жүзінде көрсетіп, музей раритеттерінен құралған «Қымыз натюрмортын» салып, шеберлік сағатын өткізді. Сондай-ақ, суретші өзінің картиналары, шығармашылық идеялары мен табыстары туралы әңгімелеп берді.
    Барлық қатысушылар позитивті энергиямен, сұлулық әлемінің ғажайыбымен сусындап, жақсы көңіл-күймен қайтты.