"КОД САҒАТЫ-2022" » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
желтоқсан
2022

"КОД САҒАТЫ-2022"

ШҚО білім басқармасы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» 

коммуналды мемлекеттік мекемесі

«Код сағаты-2022» қорытындысы туралы 

ЕСЕП


«Код сағаты-2022» акциясы – 180 мемлекетті қамтитын халықаралық шара. Бұл – әрбір оныншы қазақстандық оқушы аталған шараға қатысып, бағдарламалау және ақпараттық технологиялар трендіне қатысты білімдерін толықтырды деген сөз. Қазір әлемдік деңгейдегі Microsoft, Google сияқты алпауыт компаниялар кішкентай балалар мен ересектерге дейін бағдарламалау тілін үйретіп жатыр. Күн сайын көптеген гаджет, смартфонды пайдаланамыз. Оның бәрі бағдарламалау тілі және жасанды интеллектпен жасалып жатыр. Бұл акция оқушылардың информатикаға, программист мамандығына қызығушылығын арттыруға, балалардың бағдарламалау дағдыларын дамытуға бағытталған жаһандық қозғалыс.

«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесінің 3-11 сынып оқушылары 2022 жылдың 5-11 желтоқсан аралығында «Код сағаты – 2202» жаһандық бағдарламалау акциясына белсене қатысып, акцияға өз үлестерін қосты. Барлық қатысушылар саны – 210 оқушы. Оқушылар сабаққа тез және тиімді қосылу үшін https://quickdraw.withgoogle.com сілтемесі арқылы танымдық ойынға өтіп тапсырмалар орындады. Келесі кезекте жасанды интеллект туралы бейнероликтен (3-4 минут) теориялық мағлұмат алды. Мектеп оқушыларына жасанды интеллекттің пайда болуы, эволюциясы және қазіргі кездегі қолдану негіздері түсіндірілді. Одан кейін оқушылар http://imaginaire.cc/gaugan2/ сілтеме бойынша объектілерді модельдеу бағдарламасымен танысып, тапсырмалар орындады. 

https://studio.code.org/ сайтына оқушылар тіркеліп, өз акаунттарымен жұмыс жасады. Ең алдымен мектеп оқушылары мамандардың тәжірибеде жасанды интеллектпен қалай жұмыс істейтіні туралы танымдық бейнероликпен танысты. Осыдан кейін мектеп оқушыларын мұхитты құтқару үшін интерактивті ойын ойнауға шақырды. Мектеп оқушылары жасанды интеллектке балықты және қоқысты сұрыптауға көмектесуі керек, осылайша әрі қарай жасанды интеллект балықты қоқыстан дербес ажырата алатын тапсырмалар орындады. Ары қарай оқушылар ойын ортасында берілген 8 тапсырманы қызығушылықпен орындап, сертификаттарға ие болды. Сондай-ақ, акцияны ұйымдастырып өткізгені үшін мұғалімдерге де сертификаттар берілді. «Код сағаты» акциясы аясында өткен сабақ соңында оқушылар https://storage.googleapis.com/chimera-painter/index.htm сілтемесі арқылы өтіп құбыжық кейпінде өздерінің көңіл күйлерін бейнеледі.

Осы акциядан оқушылардың бағдарламалауға деген қызығушылықтары оянып, болашақта осы саладағы мамандықтарын таңдауға септігін тигізді деген қорытынды ой жасадым.

Пән мұғалімі: Габитова Ж.Ш