15
тамыз
2022
МЕКТЕПКЕ ЖОЛ
Ұстаздар, ата-аналар, жеке кәсіпкерлер! Алдымызда жаңа оқу жылы келе жатыр. Сәйкесінше, оқушыларымызға оқу құралдары мен мектеп формасы қажет екенін білесіздер. Осы мәселені шешу үшін жыл сайын еліміздің барлық өңірінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.
Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан акция аз қамтылған, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған.
Биылғы оқу жылында мектебімізге 1 сыныпқа 88 оқушы қабылданды. «Бірінші сыныпқа бірінші рет», «Бірінші сынып оқушыларына сыйлық» (соның ішінде әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасыларының балаларына ерекше назар аударып, көмек түрлерін ұйымдастыру) атты ұранымен акциямыз жалғасып жатыр.