"Айбынды жастар - ел қорғаны " » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
ақпан
2023

"Айбынды жастар - ел қорғаны "

   Бейбіт елде ғұмыр кешіп жатқанымызбен, күнделікті өмірде адам жанын ажалдан арашалап, тосыннан келетін тілсіз жаудан сақтап қалған қызметкерлердің ерлігі ерен. Былтыр жаз айында суға батып бара жатқан алты жасар баланы құтқарып қалған жауынгер, бүгінгі күннің батыры 3477 әскери бөлімінің ефрейторы Құмарбеков Тілек Амантайұлымен мектебіміздің 9Б сынып оқушылары сұхбаттасып қайтты. 
   Сұхбат барысында құтқарушының ерлік істері туралы айтылып, әскери қызметкер болудағы қатал тәртіп пен еңбекқорлық тақырыптары турасында сөз болды. ️Сондай-ақ оқушыларға «Жұлдызыңды тап!», «Смайликтер сөйлейді» атты қызықты ойындар ойнатылып, «Жауынгер», «Рух», «Айбын», «Алғыс» ұяшықтарынан әртүрлі сауалдар жолданып, мамандықты дұрыс таңдау, мейірім мен қамқорлық турасында бірқатар әңгіме өрбіді. ️Кездесу соңы жылы тілектерге ұласып, оқушыларымыз керемет әсер алып қайтты.



Похожие публикации:

13 желтоқсан 2018 Сыр-сұхбат
03 наурыз 2018 Жол Аман тобы