мемлекеттік рәміздерді құрметтеу
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауын Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектеп ұжымы үлкен ықыласпен қабылдады. Жолдаудың тақырыбы - "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру". Ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Жыл басынан бері екінші рет халыққа жасалған жолдаудың өзіндік ерекшеліктері өте көп. «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылдау керектігі, жүктемені қысқартып, қызметтен тыс тексерістерден арылтып, сабаққа дайындалып, тиісті уақытында жұмыс істеуі керектігін баса айтқаны үлкен күш, ерекше әсер беретіні сөзсіз. Бізді Елбасының әдеттегідей жас ұрпаққа білім беруге айрықша көңіл бөлуі ерекше қуантты.
Жолдауда бізді білім берудің жаңа сапасына көтеретін жаңғырудың негізі ретіндегі адам капиталы болатынын атап көрсетеді.Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы жастардың танымдарын қалыптастыруда, ұлттық сана-сезімін, саяси сауаттылығын оятуда бұл Жолдаудың маңызы зор болғанын ұстаздар қауымы атап өтті.
Жолдауды таныстыру, тыңдау мектеп ұжымымен 8 қазан күні, ата-аналар қауымымен 13 қазан күні өткізілді.
.