«Рухани келісім» күні қарсаңында «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыбындағы кездесу » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Рухани келісім» күні қарсаңында «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыбындағы кездесу
16
қазан
2023

«Рухани келісім» күні қарсаңында «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыбындағы кездесу

    Мектебімізде 16 қазан күні 9,10 - сынып оқушыларымен «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыбында ШҚО қоғамдық даму басқармасының «Шығыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теологы Р.Т.Назарбеков және талдау және ақпаратты түсіндіру бөлімінің маманы А.С.Беккалиевамен кездесу ұйымдастырылды. 
   Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, оқушылар арасында діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі діндермен дәстүрлі емес діндердің айырмашылығы және деструктивті діни ағымдардың зиянымен залалы туралы ақпарат берілді, сондай ақ патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатындағы кездесу барысында мамандар оқушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, ҚР Конституциясының 1 бабы, Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының 3,7 баптарымен таныстырды. Зайырлы ұғымын және әрбір адамның діни сенім бостандығына мемлекет кепілдік береді. Адамның ұлтына, тіліне, дiни көзқарасына және басқа да белгілері бойынша кемсітушілікке жол берілмейтіндігі айтылды. Сөз соңында оқушыларды келе жатқан 18 қазан «Рухани келісім» күнімен құттықтады.