«Ақындар айтысы» ұйымдастырылды » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
қазан
2023

«Ақындар айтысы» ұйымдастырылды

     Ахмет Байтұрсынов атындағы 20 орта мектебінде қазақ халқының ұлттық құндылығы – айтысты насихаттап, оқушыларды ұлттық рух пен патриотизмге, өз халқына және оның дәстүрлеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, талантты шығармашылық жастарды анықтау мақсатында «Ақындар айтысы» ұйымдастырылды.
     Айтыстың жауһарлары – «Біржан мен Сара», «Сүйінбай мен Қатаған» айтыстарынан көрініс көрсеткен оқушыларымыздың өнері мектебіміздің жас өрендері орындауындағы «Қыз бен Жігіт» айтысына ұласты.
    Бүгінгі айтыс саңлақтары, жерлес ақындар Қуаныш Еркінұлы мен Серік Қуанғанның сөз қақтығысуы оқушыларға айтыстың нағыз бейнесін көруге мүмкіндік тудырды.
   Ұлттық құндылықтарымыздың дәріптелуі, оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табары сөзсіз.