Қазақ тілі және әдебиеті бірлестігінің онкүндігінің қорытындысы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ тілі және әдебиеті бірлестігінің онкүндігінің қорытындысы
02
ақпан
2024

Қазақ тілі және әдебиеті бірлестігінің онкүндігінің қорытындысы

«Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі Абай Құнанбайұлы,  Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылықтары тоғысқан «Ұлылар үндестігі» атты шарамен түйінделді.  
     Ән ғана емес, күй де жазған аңыз адам Абайдың «Торы жорға» атты күйімен домбырашыларымыз шымылдығын ашқан әдеби-сазды кеш ақынның өлеңдері мен әсем әндеріне ұласты.  
Сонымен қатар Абай негізін салған әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары – Шәкәрім Құдайбердіұлының парасаттылыққа шақырған өлеңі оқылып, әні орындалды. Ақынның «Анадан алғаш туғанда» әнін орындаған ата-ана, мұғалім, оқушылар тыңдарман қошеметіне бөленді.
        Кешімізді мың бұралған бишілеріміздің «Өмір толғауы» атты билері аша түсті.
Әдеби-сазды кеш әрі қарай Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына ойысты. Бар ғұмырын ұлтының болашағы үшін қиған, әр қазақ баласы білім мен өнер үйренсін деп ғұмырын ғылым жолына, ұлт жолына арнаған тұлғаның «Оқуға шақыру», «Замандастарыма» өлеңдері оқылып, «Егіннің бастары» мысалы қойылымы көрсетілді. 
Қазақ арасында ескіден ұмытылмай келе жатқан өміршең әндер көп. Солардың бірі – Ахмет Байтұрсынұлының «Аққұм» әні. Әннің екі нұсқасын нақышына келтіре орындаған кеш қонақтарының өнеріне тәнті болып, ризашылығымызды білдірдік.  
  Ұлтты сүйсек, Ұлылардай сүйейік!