Іс-шаралар » Страница 31 » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
“The Silk Road Tour” тақырыбында ашық сабақ
02
желтоқсан
2021
“The Silk Road Tour” тақырыбында ашық сабақ
2 желтоқсан күні 7 “Б” сыныбында “The Silk Road Tour” тақырыбында Бейсембаева Мәдина Бердібекқызы ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында топтық, жұптық жұмыс жасалды.
"Тұңғыш Президент күні" сабақтары
30
қараша
2021
"Тұңғыш Президент күні" сабақтары
    Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушылармен Тұңғыш Президент күніне орай  ашық сынып сағаттары ұйымдастырылды.      Жас ұрпаққа Елбасымыздың сан қырлы талант иесі, халқы үшін аянбай қызмет еткен құзіретті тұлға екенін таныту, түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған сабақтарға оқушылар белсене қатысты.      Сонымен бірге кітап көрмесі ұйымдастырылып, кемеңгер басшының еңбектері қойылды. Сабақ барысында
"Maths. Fractions." тақырыбында ашық сабақ
30
қараша
2021
"Maths. Fractions." тақырыбында ашық сабақ
30 қараша күні "Maths. Fractions." тақырыбында Қайсарханова Еркежан Талғатқызы 5 «A» сыныбымен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында Classtools, Bamboozle платформаларын қолданды. Сабақта CLIL технологиясын қолдана отырып, ағылшын тілі мен математика пәнінің кіріктірілуі арқылы, бөлшектерді қалай айту, қолдану керектігі меңгерілді.
«The human brain» тақырыбында  ашық сабақ
30
қараша
2021
«The human brain» тақырыбында ашық сабақ
30 қараша күні 11 «Б» сыныбымен Азатбек Аяулым «The human brain» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты адам миы контекстінде тыңдалым дағдыларын дамыту. Мұғалімнің мақсаты сабақта оқытушының сөйлеу уақытын қысқарту, оқушылардың өз ойларымен бөлісуіне жағдай жасау. Сабақта “Chocolate box” арқылы сабақ тақырыбын анықтау, “Жауап берушіні таңда”, “Миға шабуыл”, “Сәйкестендіру”, “Нақтылау” әдістері және бейнематериалдар қолданылды. Оқушылар сабаққа жақсы қатысып, ой түйерлік ақпарат алды.
"ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ" АКЦИЯСЫ
30
қараша
2021
"ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ" АКЦИЯСЫ
 Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы жалғасуда. «Қамқорлық» акциясы жыл сайын өтетін қайырымдылық шаралардың біріне айналып отыр. Басты мақсаты – тұрмысы төмен, көп балалы және жетім, мүгедек, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету және қолдау көрсету болып табылады. Сонымен қатар әлеуметтік себептерге
Математика, информатика және физика пәндері апталығының есебі
29
қараша
2021
Математика, информатика және физика пәндері апталығының есебі
Мектебімізде  « Әлемнің ғажайып үш тірегі »  атты қазақ  математика, информатика, физика  пәндері апталығы 22-2 6  қараша аралығында өтті. Апталыққа арналған жоспар бекітіліп, 22 қараша күні бейне-таныстырылыммен апталықтың ашылуы  ютуб каналында жолданып (http://20-oskemen.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/335-mif-aptalyyny-ashyluy.html), мектеп дәлізінде аталған пәндер бойынша көрме ұйымдастырылды.  
«Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры!» патриоттық ән байқауы
29
қараша
2021
«Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры!» патриоттық ән байқауы
     Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында  «Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры!» атты патриоттық ән байқауы 2-10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.      Байқаудың мақсаты: оқушылардың бойына еліне, жеріне, Отанына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыра отырып музыкалық мәдениетін дамыту.       Байқауға қатысушылар жақсы дайындықпен келіп тыңдармандарды тамылжыта салған әндерімен баурап алды. Байқау нәтижесінде жеңімпаздар
«Organic and non-organic foods»  тақырыбында ашық сабақ
29
қараша
2021
«Organic and non-organic foods» тақырыбында ашық сабақ
29 қараша күні 10 «Б» сыныбында «Organic and non-organic foods»  тақырыбында педагог-зерттеуші санатындағы ағылшын тілі мұғалімі Қуанышбекова Фариза Қуанышбекқызы ашық сабақта өз шеберлігін көрсетті. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты тілдік құралдарды меңгерту, алған білімдерін тереңдету, оны іс жүзінде қолдану. Осы мақсаттарды ұстана отырып, мұғалім жан-жақты сабаққа дайындалған. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары өте жоғары.
Ағылшын тілі апталығы
29
қараша
2021
Ағылшын тілі апталығы
      29 қараша күні  «English is a World language» тақырыбында ағылшын тілі апталығының ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты: Оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту.      Аптаның алғашқы күнінде апталықтың ашылуы Тедди арқылы ұйымдастырылды. Үзіліс уақыттарында 2-11 сыныптар арасында ойындар өткізілді. Әр түрлі сұрақтар қойылып, оқушылар сұрақтарға жарысып жауап берді.
"Тәуелсіздік қырандары"
29
қараша
2021
"Тәуелсіздік қырандары"
   Оқушыларға спорттық ойын түрлерін меңгерте отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету мақсатында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесі аясында 29 қараша күні 6 - сынып оқушыларымен қозғалмалы ойын түрлерінен спорттық жарыс ұйымдстырылды.     Спорттық жарысқа балалар қызығушылықпен белсене қатысты. Ойын жеңімпаздары анықталып, мадақтамамен марапатталды.