Алғашқы қоңырау
2022-2023 оқу жылының басталуына арналған 1 сентябрь – Білім күні Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 мектебінде барлық 1-11 сынып оқушыларының, ұстаздары мен ата-аналарының қатысуымен салтанатты жиын өткізілді. Алғашқы қоңырау салтанаты Қазақстан Республикасының Гимнін орындаумен ашылып, мектеп директоры өткен оқу жылының жетістіктеріне тоқталып, оқушылар мен ата-аналарды құттықтады. Оқу ісінің орынбасары Имашбаев Самат Муратканович жаңа оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстырды.