Алтын күз мерекесі
Мектебімізде 27 сентябрь күні 9 – 11 сынып оқушылары арасында табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері мен ерекшеліктері туралы балалардың білімдерін кеңейту мақсатында «Арайлы, Алтын күз» атты күзгі балл ұйымдастырылды. «Өнерлі өрге жүзер» аталымы бойынша 11Б сынып оқушылары, «Сән мен сымбат» аталымы бойынша 10Б сынып оқушылары жеңімпаз атанып, мадақтамамен марапатталды.