Мұражай сабақтары
Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде 5,6 сентябрь күндері «Ахмет Байтұрсынұлы - Алаштың рухани көсемі» атты мұражай сабақтары 5-сентябрь – Қазақстан халқы тілдері күні мен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткізілді. Мұражай сабақтарының мақсаты - оқушыларды Алаштың рухани көсемі А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттай отырып ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге баулу, оқушыларды мектеп мұражайының құрылу тарихымен таныстыру.