«Ұлттық мұра-қолөнер» жобасы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
қаңтар
2021

«Ұлттық мұра-қолөнер» жобасы

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасы аясындағы «Ұлттық мұра-қолөнер» жобасы. Басты мақсат- оқушының қолөнер бұйымдарын жасаумен қатар, ұлттық  тәлім-тәрбиені бойына сіңіру, салт-дәстүріміздегі қолөнеріміздің адам айтқысыз қымбат, замандар бойы тарих жасап қалдырған асыл мұра екендігін жете түсіну. Қолөнер үйірмесінде халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршең қолөнерін жасап үйренеді. Еңбек арқылы  баланың ерік күші шыңдалып, ойлау  қабілеті кеңейетінін нақтылай  түседі. Қысқы демалыс кезінде бос уақытты қалай тиімді түрде ұйымдастыруға болатыны жайлы 2"г " сынып оқушысы Әшім Азаматтың бейнематериалы мектептің инстаграм парақшасын қойылды. Қысқы демалыс кезінде оқушылар демалып қана қоймай, ата-аналарына үй шаруасына көмектесіп, өздері де көп нәрсеге үйренуде. Сондай оқушылардың бірі - 3 "В" сынып оқушысы Нұрғалым Айзада алмадан жасалған бәліштің рецептісімен  бөлісті, сондай-ақ мектептің инстаграм парақшасына жүктелді.