18
ақпан
2021
"Тоғызқұмалақ» ойыны
Мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған қазақтың ұлттық «Тоғызқұмалақ» ойыны 6-7 сыныптар арасында желілік спартакиада өткізілді. Алғаш рет ұлттық ойынның жанкүйерлері онлайн форматта, PlayOk платформасында кездесті. Қазіргі уақытта әлемге әйгілі зияткерлік ойындардың ішінде ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі «Тоғызқұмалақ» ойынын ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу мақсатымыз! PlayOk платформасында желілік спартакиада жеңімпаздары анықталды: Кенжебеков Әлішер, Елубаева Адия – 1 орын; Азбаев Саян, Сламбекова Балым – 2 орын; Абдыл Шұғыла, Нұрбек Али; Мошанов Әсет – 3 орын; Ахмет Ерасыл, Талғатов Алмаз, Тілеуов Дамир - 4 орын иеленіп, мадақталды. Зияткерлік ойынға белсене қатысқан оқушыларымыз: Ахмет Ерасыл, Талғатов Алмаз, Абдыл Шұғыла, Тілеуов Дамир, Азбаев Саян, Сламбекова Балым, Мошанов Әсет, Нұрбек Али, Кенжебеков Әлішер, Елубаева Адияға - АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!
