01
қыркүйек
2022
Алғашқы қоңырау
2022-2023 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек – Білім күні Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 мектебінде барлық 1-11 сынып оқушыларының, ұстаздары мен ата-аналарының қатысуымен салтанатты жиын өткізілді.
Алғашқы қоңырау салтанаты Қазақстан Республикасының Гимнін орындаумен ашылып, мектеп директоры өткен оқу жылының жетістіктеріне тоқталып, оқушылар мен ата-аналарды құттықтады. Оқу ісінің орынбасары Имашбаев Самат Муратканович жаңа оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстырды. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған 1 - сынып оқушылары өлеңдер оқып, 3 - сынып оқушылары «Кел, балалар, оқылық» әнін шырқап, 1 - сынып оқушыларына әліппе таратылды. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерекесіне орай оқушылар мектеп әнұранын жігерлене орындады.
Салтанатты жиынға ШҚО білім басқармасы «Дарын орталығының» маманы Есімханова Гүлден Берікқазықызы, ШҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Нұриев Талғат Бақытқанұлы, С.Аманжолов атындағы ШҚУ математика - физика ғылымдарының кандидаты, доцент Мағзұмова Эльмира Маратқызы, мектепішілік Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Ахатова Гульжайна Уантаевна қатысты.
Салтанатты жиыннан кейін мектеп оқушылары «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаттарына қатысты.