Қалалық «Ахметтану білгірлері» атты брейн-ринг сайысы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
қыркүйек
2022

Қалалық «Ахметтану білгірлері» атты брейн-ринг сайысы

       Бүгін мектебімізде 5-қыркүйек –Қазақстан халқы тілдері күні мен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай  «Ахметтану білгірлері» атты қалалық брейн-ринг зияткерлік сайысы  өтті. Сайыстың мақсаты - халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеушісі, түркітанушы, ақын-аудармашы А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Оқушылардың танымын арттыра отырып, ізденімпаздыққа, белсенділікке, қырағылыққа, шапшаңдыққа баулу.
       Сайысқа қала мектептерінің 7,8-сыныптарынан құралған құрама командалар қатысты. Қаланың 12 мектебінен барлығы 12 құрама команда, 72 оқушы қамтылды. Атап айтсақ, олар: Шәкәрім атындағы №1 орта мектебінің - «Шәкәрім шаңырағы» тобы, Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицеінің - «Даналық диқаншылары» тобы, №45 орта бейіндік мектебінің - «Алашұлы» тобы, №48 мектеп қосымша білім беру орталығының - «Қазына» тобы, №46 орта мектебінің – «Болашақ» тобы, З.Ахметов атындағы №16 орта мектебінің - «Ер Сайын» тобы, №47 жалпы білім беретін мектебінің – «Алға» тобы, №49 жалпы білім беретін мектебінің – «Шамшырақ» тобы, №35 орта мектебінің «Қырандар» тобы, Абай атындағы №33 орта мектебінің «Ахметтанушы ұландар» тобы, О.Бөкей атындағы №44 лицейінің «Жалын» тобы, Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің «Шоқан жұлдыздары» тобы. Сайыс қорытындысы мынандай болды. Ойынның шарты бойынша «Ахметтану білгірлері» брейн – ринг зияткерлік сайысының жеңімпазы - №46 орта мектебінің – «Болашақ»тобы. Ойын барысында жақсы дайындықпен келген топтарға әділқазылар алқасының шешімімен жүлделі 1,2,3-орындар берілді. 1-орынды №45 орта бейіндік мектебінің - «Алашұлы»тобы жеңіп алса, 2 - орынды Абай атындағы №33 орта мектебінің «Ахметтанушы ұландар» тобы қанжығаларына байлады. Ал ,3-  орынды Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп – лицеінің - «Даналық диқаншылары» тобы иеленді. Көзі тірісінде алты Алаштың көсемі атанған  Ахаңның телегей  бай мұрасын бүгінгісайыста жас ұрпақ тағы бір сараптап, дәлелдеп берді. Ұлт маңдайына біткен  рухани көсемнің мол мұрасы мәңгілік! Ұлылық деген осы болар!