Мұражай сабақтары » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
қыркүйек
2022

Мұражай сабақтары

     Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде 5,6 қыркүйек күндері «Ахмет Байтұрсынұлы - Алаштың рухани көсемі» атты мұражай сабақтары  5-қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай  өткізілді. Мұражай сабақтарының мақсаты - оқушыларды Алаштың рухани көсемі А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттай отырып ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге баулу, оқушыларды мектеп мұражайының құрылу тарихымен таныстыру. Бірінші күні мұражай сабақтары қаланың №7, №9, №10, №11, №12, № 15 мектептері оқушыларына ұйымдастырылды. Екінші күні мұражай сабақтары қаланың №22, №27, №29, №32, №34, №37 мектептері үшін өтті. Мұражайға қала мектептерінен 200 тарта оқушы қамтылды оқушы қамтылды.
     Мұражай сабақтары барысында оқушыларға А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығының басты белестері туралы қысқаша экскурсия ұйымдастырылып мұражай экспонаттарымен таныстырылды. Тарих пәнінің мұғалімі Ж.С.Бейсенбеков мемлекеттік тілде мұражай тарихы туралы тоқталып, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.С.Орынбасарова  мұражайдың құнды жәдігерлері туралы қысқаша мәлімет берді.  Мұражаймен одан әрі таныстыруды 11«Б» сынып оқушылары Ж.Рахымбеков пен А.Бердібекқызы мектеп мұражайы туралы танымдық және қызықты таныстырумен жалғастырды. Экскурсия соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісті, кездесуден  естелік ретінде фотосуреттерге түсірді.  Саяхат сабақтары мазмұнды және қызықты өтті. Саяхат сабақтары  барысында алынған білім тек мектеп қонақтары үшін ғана емес, жалпы өскелең ұрпақ үшін де құнды және маңызды болғаны сөзсіз.