13
қазан
2023
Әдістемелік жұмыс-ұстаз еңбегінің жиынтығы
Мектептегі әдістемелік жұмыстарды жүйелі жүргізіп, жаңаша жоспарлау оқу-тәрбие үдерісінің сипаты мен мұғалімдердің шығармашылық деңгейлерінің артуына көп септігін тигізері сөзсіз. "Ахмет Байтұрсынұлов атындағы номері 20 орта мектебі"КММ-де 13-ші қазан күні бірлестік жетекшілерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Мектебімізде пән бойынша 8 әдістемелік бірлестік бар.
Бірлестік жетекшілерінің
біліктілік құрамы:
педагог-мастер-1,
педагог-зерттеуші-4,
педагог-сарапшы-3.
Отырыста бірлестіктің жылдық жоспары негізінде пән апталығы, пәндік олимпиада материалдарын дайындау, озық іс-тәжірибемен бөлісу, дарынды оқушылармен жұмыс, сайыс, конкурстар және басқа да атқарылатын жұмыстар жайлы дөңгелек үстел шеңберінде талқыланды.
