12
қазан
2023
«Біз Қазақстан халқымыз!» тақырыбында мұражайға саяхат
Республика күнін атап өту қарсаңында мектебіміздің 5-сынып оқушылары «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырылған «Біз Қазақстан халқымыз!» тақырыбындағы көрмеге қатысты. Оқушылар мұражайдың көрме залдарынан әр ұлттың салт-дәстүрі, мәдениеті жайлы біліп, ерекше қызығушылықпен қарады. Сонымен қатар, көптеген қызықты тарихи фактілер мен танымдық ақпарат алды.


