Іс-шаралар » Страница 24 » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
Соңғы қоңырау мерекесі
25
мамыр
2022
Соңғы қоңырау мерекесі
     Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Бүгін Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектептің «Соңғы қоңырау» мерекесіне жиналған 11 - сынып түлектері үшін мәңгі есте қаларлық ерекше күн болғаны сөзсіз.     Балалар жылы аясында ұйымдастырылған «Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтары: ШҚО білім басқармасының өкілі – Жумаева Эльвира Маулетказиевна, Дәулет Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің аға оқытушысы - 
Ата-аналар форумы
20
мамыр
2022
Ата-аналар форумы
    20 мамыр күні Қазақстандағы балалар жылы аясында «Қауіпсіз балалық шақ» атты ата-аналардың қалалық білім беру форумында мектебіміздің ата-аналар қамқоршылық кеңесінің төрайымы Гульжайна Уантаевна қалалық білім беру бөлімінің АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
Қалалық құтқарушылар жарысы
19
мамыр
2022
Қалалық құтқарушылар жарысы
  19 мамыр күні Өскемен қаласының мектептері арасында Жас өрт сөндірушілер және құтқарушылар командаларының жарысы ұйымдастырылды.  Команданың таныстырылымы, өрт эстафетасы, өрт сөндіру тақырыбына қолдан жасалған бұйымдар, алғашқы медициналық көмек көрсету сияқты байқау түрлерінен мектебіміздің оқушылары оза шауып 1 орынды иеленді. Жоғары нәтиже көрсете білген оқушыларымызды құттықтаймыз! 
Мектепішілік ата - аналар жиналысы
16
мамыр
2022
Мектепішілік ата - аналар жиналысы
         Мектебімізде  16 мамыр күні мектепішілік ата- аналар жиналысы өткізілді. Мектеп директоры Б.О.Садыков күн тәртібінде қаралатын мәселермен таныстырып өтті. Бірінші мәселе бойынша  тарих пәнінің мұғалімі Ж.С.Бейсенбеков 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдум туралы толықтай таныстырып, ата -аналарды референдумға бір кісідей қатысуға шақырды. Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, «Жазғы мектептің» ұйымдастырылуы, келесі оқу жылына қандай дайындықпен келу керектігі жөнінде
«Отан— қуат,  отбасы —шуақ»  тақырыбында тәрбие сағаты
13
мамыр
2022
«Отан— қуат, отбасы —шуақ» тақырыбында тәрбие сағаты
    Халықаралық отбасы күні қарсаңында 13 мамыр күні 8 В, Г сыныптарында «Отан— қуат,  отбасы —шуақ»  тақырыбында тәрбие сағаты өтті.       Тәрбие сағатының мақсаты: қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасын, ата-анасын, туыстары мен жақындарын бағалау, құрметтеу сезімдерін кеңейту, отбасындағы қарым-қатынастың беріктілігін нығайту және ұрпақтар сабақтастығын дамыту.        Сабақ барысында оқушылардың отбасы туралы түсініктерін анықтап, бейнебаян тамашалады. «Отбасындағы әкенің
"Толағай" отбасылық сайысы
13
мамыр
2022
"Толағай" отбасылық сайысы
        Мектебімізде 13 мамыр күні «Халықаралық отбасы» күні аясында  4 - сынып  оқушылары және ата аналары арасында «Толағай» отбасылық  сайыс ұйымдастырылды. Отбасылық спорттық сайысқа балалар мен ата-аналар зор қызығушылықпен қатысты.        Ұйымдастырушы: Қабділшәріп Е.С. Сембинов Б.Е.
"Отбасы құндылықтары"
13
мамыр
2022
"Отбасы құндылықтары"
   ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ  «А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММде 6 сынып оқушылармен, ата-аналарымен "Отбасы құндылықтары" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге тәрбиелеу.      Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар. Мектеп пен ата-ананың міндеті - әр балаға бақыт, қуаныш
Ақ бауырға саяхат
13
мамыр
2022
Ақ бауырға саяхат
    10 сынып оқушылары кітаптан сан рет оқып жүрген тасқа әр түрлі әдіспен салынған суреттерді, көне неолит дәуіріне жататын жұмбаққа толы тарихи "Ақ бауыр" кешенін тамашалап қайтты. Осындай экскурсиялар оқушылардың танымдық ой-өрісін кеңейтіп, олардың туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін арттырып, тарихқа деген қызығушылығын арттыра түсетіндігі анық. Оқушылар, ата-аналар экскурсияға барғандарына ерекше қуанып, алған әсерлерімен бөлісті.Тарихи кешенге саяхат өте қызықты, әрі әсерлі және
Кәмелеттік жасқа  толмағандар  арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға  тақырыбында кездесу
05
мамыр
2022
Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын
     5 мамыр күні  8-9  сынып оқушыларына  Үлбі  полиция бөлімі  аға лейтенант  полициясы   Жұмақанова Зарина Бауыржанқызы жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтың алдын – алуға байланысты,  зиянды  әдеттерден аулақ  болуға, мектеп және қоғам тәртібін сақтауға, түнгі уақыттарда   көшеде  жалғыз жүрмеу тақырыптарында әңгіме жүргізіп,  ақпараттар берді
Патриоттық әндер сайысы
05
мамыр
2022
Патриоттық әндер сайысы
    Жас ұрпақтың бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру, еліміздің Тәуелсіздігін құрметтеуге бағыттау, Отанына  деген  сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 3 мамыр күні 1 - 4 сынып оқушылары арасында Отан қорғаушылар күніне арналған патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды.