Іс-шаралар » Страница 5 » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Жол қозғалысының жас инспекторлары” қалалық байқауы
05
қаңтар
2024
“Жол қозғалысының жас инспекторлары” қалалық байқауы
   «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебінде» балаларды азаматтық жауапкершілікке, жоғары мәдениетке, кәсіптік бағдарға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында “Жол қозғалысының жас инспекторлары” қалалық байқауын ұйымдастырып, «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта метебінің» 7-8 сынып оқушылары жүлделі I орынды иеленді.
«Болашақ сарбаз» әскери-қолданбалы спорттық сайысы
21
желтоқсан
2023
«Болашақ сарбаз» әскери-қолданбалы спорттық сайысы
   2023 жылдың 21 желтоқсанында ШҚО, ББ, Өскемен қаласы бойынша №9 орта мектеп КММ базасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қала мектептері арасында өткен, «Болашақ сарбаз» атты әскери-қолданбалы спорттық сайысына мектебіміздің оқушылары қатысып 3 орынды иеленді.
Ағылшын тілі апталығының қорытындысы
15
желтоқсан
2023
Ағылшын тілі апталығының қорытындысы
04.12.2023-15.12.2023 аралығында  «Learn English, Understand the world» тақырыбында ағылшын тілі апталығы өткізілді.  Апталықтың мақсаты: Оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, оқушылардың  пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту.  Апталықтың онкүндігінің ашылуына орай ұстаздар мен оқушылар арасында ойын, викториналық тапсырмалар ойнатылды.
“Қызғалдақ ғұмыр” атты шара
14
желтоқсан
2023
“Қызғалдақ ғұмыр” атты шара
   Тәуелсіздік таңының атауы қаншама боздақтарымыздың есімімен байланысты. Солардың қатарында жерлесіміз Сабира Мұхамеджанова бар. Тәуелсіздік күніне орай 9-сынып оқушылары Сабира Мұхамеджанова оқыған Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжіне барып “Қызғалдақ ғұмыр” атты шараға қатысып қайтты. Қаһарман қыздың рухына бас иіп, мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойды.
"Мәңгілік тағзым" тақырыбында желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен кездесу
13
желтоқсан
2023
"Мәңгілік тағзым" тақырыбында желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен
  13.12.2023 жылы метебіміздің 10 сынып оқушыларының қатысуымен  «Мәңгілік тағзым» тақырыбында желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен кездесу өтті. Осыдан 37 жыл бұрын қазақ халқының қабырғасын қайыстырып, дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасының куәгерлері  Рысбекова Гүлмира Қалибекқызы, Димеуова Анаргүл Зияшқызы кездесуіміздің қонақтары болды. Кездесуде Тәуелсіздікке жету жолында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының ерекше маңызы және ел тәуелсіздігін алуға деген бетбұрыстың жасалуына тигізген
9 айға тоғыз іс-шара
13
желтоқсан
2023
9 айға тоғыз іс-шара
    "Шығарма жазу: болашаққа хат" челленджі бойынша мектебіміздің 5-8-сынып білім алушылары ”Менің болашағым” тақырыбында болашаққа хат жазса, 9-11-сынып оқушылары “Тәуелсіз Қазақстандағы жетістіктерім” тақырыбында шығарма жазды.      Мақсаты: Білім алушыларға өзінің жеткен жетістіктері, алға қойған жоспарлары мен болашағы туралы шығарма жазу, өзін-өзі дамыту және сыни ойлау дағдыларын жетілдіру.
«Тәуелсіздік - тұғырым» атты бірыңғай сынып сағаттары
11
желтоқсан
2023
«Тәуелсіздік - тұғырым» атты бірыңғай сынып сағаттары
     Сынып сағатының мақсаты: Тәуелсіздік тарихы туралы түсінік бере отырып, өз Отандарын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Өз елінің патриоты болуға баулу.
Электр құрылғыларын қолдану кезіндегі қауіпсіздік
08
желтоқсан
2023
Электр құрылғыларын қолдану кезіндегі қауіпсіздік
Қай салада болмасын бала қауіпсіздігі ең маңызды әрі басты назарда.  8 желтоқсан күні «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ инженері Т.А Бейсембаев мектеп оқушыларымен электр құрылғыларын қолдану кезіндегі қауіпсіздікті сақтау бойынша дәріс өткізді. Шараға қатысқан 4 сынып оқушылары да өз ойларын ортаға салып, ережелерді мұқият сақтайтындықтарын жеткізді.
Төтенше жағдайлардағы мінез-құлық ережелері. Интерактивті сабақ
07
желтоқсан
2023
Төтенше жағдайлардағы мінез-құлық ережелері. Интерактивті сабақ
      2023 жылдың 07 желтоқсаны күні ШҚО ТЖД қызметкерлері «Төтенше жағдайлардағы мінез құлық ережелері» тақырыбында Zoom платформасы арқылы интерактивті сабақ өткізді. Интерактивті сабаққа мектебіміздің  9-10 сыныптары қатысып сабақ барысында Төтенше жағдайлар туралы, сондай-ақ төтенше жағадай туындағандағы мінез-құлық ережелері және өрт, су қауіпсіздіктері бойынша керекті ақпарат алып білімдерін жетілдірді.