Іс-шаралар » Страница 9 » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ашық есік"күні
08
қараша
2023
"Ашық есік"күні
     Мектеп – ата-ана – ұстаз. Бұл үшеуінің де бала өмірінде, маңызы зор, тұлғаны тәрбиелеуде қоғамда алатын орындары ерекше. Ұрпақ тәрбиесінің ізгі жолдарын тоғыстырған «үш тұғырдың» ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым-қатынасты жақсартумен қатар, өзіндік көзқарастарын да дамытары сөзсіз.       Адам бойындағы асыл қасиеттер отбасында қалыптасып, дамитындығы әу бастан-ақ белгілі. Ал мектеп пен ұстаздың осы қалыптасқан ізгі қасиеттерді ата-анамен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқылы
«Баланың бас ұстазы – ата - ана»
07
қараша
2023
«Баланың бас ұстазы – ата - ана»
   7 қараша күні мектебімізде 5-сынып ата-аналарына бейімделу кезеңінде балаларда физиологиялық және эмоционалдық өзгерістер болатынын түсіндіру, баланың негізгі мектепте оқуға бейімделуінің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру, оқушыға психологиялық қолайлы жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету мақсатында семинар-сабақ жүргізілді. Сабақ барысында «Мен балаға қалай көмектесе аламын?», «Бала проблемаларының баспалдақтары», «Бейімделу түрлері» сияқты жаттығулар
Ар ұят және жауапкершілік туралы тәрбие сағаттары
07
қараша
2023
Ар ұят және жауапкершілік туралы тәрбие сағаттары
  Оқушыларды әдепті,  сыпайы, инабатты болуға, адамдармен мәдениетті қарым  - қатынас жасай білуге үйрету, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді ұғындыру,  әдепсіз қылықтардан бойын алыс ұстап, жауапкершілікті сезінетін тұлға тәрбиелеу мақсатында сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Облыстық семинарда
06
қараша
2023
Облыстық семинарда
   Күзгі каникулда "Деңгейлік тапсырмалар  негізінде география, химия, биология пәндері бойынша қорытынды аттестаттауға дайындау мүмкіншілігі" тақырыбындағы облыстық семинарда мектебіміздің география пәні  мұғалімі, педагог зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрі Абзелеева Камила Аукеновна шеберлік сынып өткізіп тәжірибесімен бөлісті. Өз ізденісімен бөліскені үшін Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің басшысынан және ШҚО білім басқармасының  "ORKEN" Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді
«Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді»  сайыс
03
қараша
2023
«Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді» сайыс
   6 сыныптар арасында «Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді» тақырыбында сайыс өтті. Оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік қалыптастырды. Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды және тағы басқа адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етті.
Мектепшілік әдістемелік семинар
02
қараша
2023
Мектепшілік әдістемелік семинар
    Қараша айының 2 күні "А.Байтұрсынов атындағы N 20 орта мектебінде "Оқушы мен мұғалімнің шығармашылық әлеуетін арттыра отырып, дарынды тұлғаны қалыптастыру" тақырыбында мектепшілік әдістемелік семинар өтті.      Семинар кеңеске 8 бірлестік, 57 мұғалім қатысты. Әдістемелік семинарды мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нурсапарова А.З. Адамзат күш жарыстырып емес, ақыл жарыстырып алға басатын мына заманда ұстаздардың қаншалықты деңгейде білімді де, білікті, талапшыл да, парасатты
Қалалық интеллектуалды ойын жеңімпаздарын құттықтаймыз!
02
қараша
2023
Қалалық интеллектуалды ойын жеңімпаздарын құттықтаймыз!
   Республика күні аясында қала мектептері арасында Шоқан Уалиханов атындағы №3 мектеп лицейінде мектеп мұғалімдері мен оқушыларының қатысумен қалалық Quizz ойыны ұйымдастырылды. Дебат клубы жетекшілері мен ойыншылардың серіктестігін нығайту, ойыншылардың интеллектуалды қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілген бұл сайыста Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектептің командасы 1 орынға ие болды.  Құттықтаймыз!
«Мамандықтың бәрі жақсы» атты танымдық сабақ
02
қараша
2023
«Мамандықтың бәрі жақсы» атты танымдық сабақ
«Мамандықтың бәрі жақсы» атты танымдық сабақ, 02.11.2023 , Мақсатымыз оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту.